Қазақстанда 4 ақпан күні өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазИнформ - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 4 ақпан күні Қазақстанда болатын маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

09.00-де Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселесі қаралады.

10.00-де Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында Пара дзюдодан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

11.30-да Ұлттық академия кітапханасында тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың «Құнанбай» атты кітабының тұсаукесері өтеді.

15.00-де Мәжілісте ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров депутаттарға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырады.

15.00-де Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің алқасы өтеді. 2019 жылғы жұмыс қорытындылары және 2020 жылға арналған жоспарлар туралы министр Бақыт Сұлтанов баяндама жасайды.

15.00-де Елбасы кітапханасында «Анна Франк. Пана: хат түріндегі күнделік» және «Анна Франк. Тарих сабағы» жылжымалы көрмесінің тұсаукесері өтеді.

АЛМАТЫ

19:00-де Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында композитор, пианист Рахат-Бидің авторлық концерті болады. Композитор және пианист, өнертану ғылымының магистрі, 100-ден аса оркестрлік жене камералық туындылардың, сондай-ақ екі опера авторы Рахат-Би Әбдісағын өзінің тувндыларынан тұратын «Мәңгілік тамшысы» атты симфониялық бағдарламасын ұсынады.


Соңғы жаңалықтар