23:32, 07 Сәуір 2020 | GMT +6
Қазақстанда 51-ші адам коронавирустан жазылып шықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған тағы 1 науқас сауығып, ауруханадан шықты, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Бұл Қазақстан бойынша коронавирустан жазылып шыққан 51-ші адам.
Айта кетейік, осы сәтке дейін Нұр-Сұлтанда – 28, Алматы қаласында – 21, СҚО-да – 1, Ақтөбе облысында – 1 пациент коронавирустан емделген.
⠀