Қазақстанда 67 медицина қызметкері науқастардан коронавирус жұқтырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус індетіне 67 медицина қызметкері шалдықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

«6 сәуірдегі жағдай бойынша, коронавирус инфекциясымен сырқаттану жағдайлары 8 өңірде тіркелді: Ақмола облысы – 1, Атырау облысы – 2, Қарағанды облысы – 4, Қызылорда облысы-1, Солтүстік Қазақстан облысы – 6, Түркістан облысы – 1, Алматы қаласы – 21, Нұр-Сұлтан - 31. Қазақстан Республикасы бойынша барлығы - 67 жағдай», - делінген ақпаратта.

Осылайша, COVID-19 диагнозы бар пациенттермен жұмыс істейтін дәрігерлердің сырқаттану жағдайлары барлық оқиғалардың 10% құрайды.

«Қазіргі уақытта, бір медицина қызметкері ауыр жағдайда, 9 науқастың жағдайы - орташа . Қалған 57 симптомдарсыз және жағдайы қанағаттанарлық, хаттамаға сәйкес емдеуден өтеді», - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратында.


Соңғы жаңалықтар