+7 (701) 759 90 19
USD 420.29 EUR 506.87
RUB 5.66 CNY 64.73
Jańalyqtar

Қазақстанда 800 жаңа мектеп салынады - ҚР Президенті

2020 жылғы 25 қараша 12:05
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 800 жаңа мектеп салынады - ҚР Президенті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүкіл Қазақстан бойынша 800 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Президент мемлекеттік қызметшілерді қысқарту үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуді тапсырды Мемлекет басшысы Асқар Маминді қабылдады Президент Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

«Еліміз бәсекеге қабілетті болуы үшін білім және мәдениет саласын өркендетуге, жастарды қолдауға баса мән беруіміз керек. Бүкіл Қазақстан бойынша 800 жаңа мектеп салынады. Соның арқасында біз апатты және үш ауысыммен оқытатын мектептердің мәселесін толық шешеміз» - деді ҚР Президенті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы барлық мектептер интернетпен, компьютермен және пән кабинеттерімен қамтамасыз етілетіндігін атап өтті.

«Ауыл мектептерінің дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Шағын қалалар мен аудан орталықтарында, ауылдық жерлерде орналасқан 5 мыңнан астам мектеп жаңартылуы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT