Қазақстанда 816,3 мың жасөспірім коронавирус вакцинасын алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 816 мыңнан астам жасөспірім коронавирусқа қарсы вакциналанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елімізде жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды коронавирусқа қарсы «Pfizer» препаратымен егу жалғасуда.

23 сәуірдегі мәліметке сәйкес, вакцинаның І дозасын 1 043 509 адам, ІІ дозасын 894 528 адам салдырды.

Оның ішінде,

І компонентімен егілді:

- жасөспірім – 816 369,

- жүкті әйел – 37 771,

- бала емізетін әйел – 135 030.

ІІ компонентімен егілді:

- жасөспірім – 739 445,

- жүкті әйел – 32 409,

- бала емізетін әйел – 117 429.


Соңғы жаңалықтар