Қазақстанда адамдарды өлтіру үшін 5G бағаналары орнатылуда - ФЕЙК

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазнетте Қазақстанда адамдарды өлтіру үшін 5G бағаналары орнатылуда деген сарында фейк ақпарат тартылуда. Бұл туралы ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазнет қолданушылары 5G технологиясы туралы конспирологиялық теорияларды әлі де таратуда. Бүгінде TikTok әлеуметтік желісінде және Telegram мессенджерінде ұялы байланыс бағаналарының видеосы өте көп. Оларда бағаналар планета халқын бір миллиард адамға дейін азайту үшін қажет деп жазылған.


5G технологиясы – бұл адамдарды жаппай қырып-жою құралы немесе құпия емес қару емес, тек жоғары өткізу қабілеттілігімен ерекшеленетін және әлем бойынша адамдарға жылдам және тұрақты интернет байланысын қамтамасыз ететін жаңа байланыс форматы.
5G толқындары – 24 ГГц және одан жоғары диапазонда жұмыс істейді. Біз білетін Wi-Fi роутерлері, полиция радарлары, кейбір жерсеріктер және т.б. құрылғылар да осы жиілікте жұмыс істейді. Физик және ғылымды танымал етуші Дмитрий Побединский Технологияның қалай жұмыс істейтіні және неге одан қорқудың қажеті жоқ екендігі туралы өзінің YouTube каналында егжей-тегжейлі, айтып береді.

5G толқындарының адам денсаулығына әсерін ғалымдар тексерді. Олар технология адамдар мен жануарлардың денсаулығына айтарлықтай зиян келтіре алмайды деген қорытындыға келді.

5G бағаналары қару болып табылады және технологияның өзі қатерлі ісік, аутизм, COVID-19 ауруларына әкеледі, сондай-ақ адамдарда үрей мен әбігерлік тудыруы мүмкін деген теорияларды біз бұған дейін жоққа шығардық.

Құпия әлемдік Үкіметтің жоспарларын жүзеге асырғаннан кейін тірі қалатын адамдар туралы «Алтын миллиард» деп аталатын теория қастандық теориясы болып табылады және ешқандай дәлелі жоқ. Оны бұған дейін жоққа шығарған болатынбыз.

Демек, Қазақстанда адамдарды жаппай өлтіру үшін 5G антенналары орнатылуда деген ақпарат фейк және конспирология. Байланыстың жаңа форматы адамдар мен жануарларға айтарлықтай теріс әсер ете алмайды және ол қару емес.


Соңғы жаңалықтар