Қазақстанда әлеуметтік әмиян жобасы енгізілмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2022 жылдан бастап фискалдық тәртіпті және экономиканың сыртқы тосын өзгерістеріне бейімділігін арттыратын жаңа бюджеттік қағидалар енгізіледі. Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Фискалдық саясаттың контрциклдылығын арттыру көзделген. Оның аясында Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, 2022 жылдан бастап фискалдық тәртіпті және экономиканың сыртқы тосын өзгерістерге бейімділігін арттыратын жаңа бюджеттік қағидаларды енгізуді қамтамасыз етеді. Ұлттық банк қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және қаржы секторын дамытуға жәрдем көрсетеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылдан бастап ұлттық тауар өткізу жүйесімен одан әрі ықпалдастыра отырып, әлеуметтік әмиянды енгізу жоспарлануда», - деді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша мезеттік төлемдер жүйесін дамыту арқылы ұлттық төлем жүйесін құру және төлем карточкаларының банкаралық жүйесін ұйымдастыру жұмысы жалғасады. Бұл халық пен бизнес үшін транзакциялық шығындарды төмендетуге, қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және қаржы нарығындағы бәсекелестікті кеңейтуге мүмкіндік береді.



Соңғы жаңалықтар