Қазақстанда әлеуметтік бағдарламалар қызметі құрылмақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда өңірлердегі Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің орнына әлеуметтік бағдарламалар қызметтерін құру көзделіп отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Еңбек министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің орнына әлеуметтік бағдарламалар қызметтерін құру бастамасы бар. Жүйедегі қайта құру процестерін тиімді басқару үшін жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік қызметтерін қазіргі кездегідей осы міндеттерді орындауға емес, әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды үйлестіруге және ұйымдастыруға қайта бағдарлау көзделеді», - делінген ұлттық жоспардың жобасында.
Еске сала кетсек Қазақстанда әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыртылатыны өткен айда хабарланған еді. Қазіргі уақытта елімізде әлеуметтік қызметкерлер тесттен өтіп жатыр.
Осы жылдың 5 желтоқсанына дейін шамамен 12 мың адамды сынақтан өткізу жоспарлануда. Тест әлеуметтік қызметкерлердің базалық білім деңгейін анықтау үшін өткізіледі. Содан кейін олар оқытылады.
Құжат жобасы «Ашық деректер» порталында орналасқан.- Түркістан облысында жыл соңына дейін 400 бала оңалтудан өтеді
- Еліміздегі жұмысшылардың үштен бірі оқыс жағдайлардан сақтандырылған
- Елордада табысы аз отбасыларға сыйлық сертификаттары табысталды
- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырумен қанша қазақстандық қамтылған
-
Ержан Біржанов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
-
Алматыда жеңілдікпен пәтер алудың жолдары қандай
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам