Қазақстанда алғаш Сервис және туризм академиясы ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көкшетауда еліміз бойынша алғашқы Сервис және туризм академиясы ашылды. Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің туризм, индустрияландыру, кәсіпкерлік және инвестициялар мәселелері бойынша орынбасары Марат Иғали Фейсбук парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа академия аймақтық «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен ашылды.

«Атамекен» ҰКП, Ақмола облыстық әкімдігі мен «Сервис және туризм академиясы» ЖШС араларында галстуксыз, бейресми кездесу барысында меморандумға қол қойылды», - деп жазды Марат Иғали.

Жаңа жоба аясында туризм бойынша қызметкерлерді кешенді түрде дайындау, оларды клиенттік сервис пен қызмет көрсету мәдениетіне оқыту қарастырылған. Сонымен қатар, бағдарлама мейрамхана бизнесінің өкілдеріне өз бизнесін жүргізуге көмек көрсету, оны автоматтандыру және тағы басқа оқыту түрлерін қамтиды. Оқыту қаражатының 50% Еуразиялық қайта құру және даму банкі жабады.

«Сол сияқты түріктің ірі «Анталия консалтинг» рекрутинг компаниясының басшылығымен 2019 жылы ақмолалық студенттердің туризм саласы бойынша Түркияның бесжұлдызды қонақ үйлерінде тағылымдамадан өтуі туралы келістік», - деді ол.

Сөз соңында облыс әкімінің орынбасары аймақтық «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы мен аталған Академияның директорына бірлескен жобаны жүзеге асыруда алғысын білдірді.
null 

Соңғы жаңалықтар