Қазақстанда аптап ыстық болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Таяу тәуліктерде ел аумағының басым бөлігінде аптап ыстық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Кей өңірлерде жел күшейеді, оңтүстік пен батыста шаңды дауыл соғады.

25-26 мамырда күндіз Павлодар облысында 35-38°С аптап ыстық болуы ықтимал, ал Павлодарда күндіз 35-37°С.

24 мамырда Маңғыстау облысының кей жерлерінде солтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақтауда түнде солтүстік батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

25-26 мамырда Маңғыстау облысында 42 градус аптап ыстық болуы ықтимал.

24-26 мамырда күндіз Қызылорда облысында 40-43°С градус ыстық болады. 24-26 мамырда кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. 24 мамырда өңірдің басым бөлігінде солтүстік шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді.

Түркістан облысында күндіз 23 мамырда, сондай-ақ 24-25 мамырда кей жерлерде шығыстан 15-20 м/с жел тұрады, бұл өңірдің кей жерлерінде шығыстан 15-20 м/с, екпіні 23 м/с желдің күшеюі сақталады. Күндіз 24-25 мамырда батыста 40С қатты ыстық күтіледі. Түркістан қаласында 23 мамырда күндіз, 24-25 мамырда тәулік бойы шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі сақталады. Күндіз 24-25 мамырда 40°С қатты ыстық күтіледі.

Соңғы жаңалықтар