Қазақстанда аралас жекпе-жектен әуесқой спортшылар бәсекесі өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 қыркүйек күні Qazsport телеарнасынан «Qazagstan FIGHTER» жобасы көрсетіле бастайды. Бұл жобада жас әуесқой спортшылар аралас жекпе-жектен «Қазақстанның ең мықты спортшысы» атағы үшін сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Үстіміздегі жылдың маусым айында 18 бен 29 жас аралығындағы аралас жекпе-жекпен айналысушы әуесқойларға арналған республикалық деңгейде кастинг өтті. Кастинг нәтижесінде еліміз бойынша 100 үміткер іріктеп алынды, одан соң екінші кезең сынағында мықты деген 32 қатысушы таңдалды. 

«Qazagstan FIGHTER» жобасы тек қана әуесқой спортшыларға арналған. Біз осы арқылы кәсіби спортта жетістікке жеткісі келетін әрбір қазақстандыққа мүмкіндік берудеміз. Қатысу мүмкіндігі мен қойылатын талап барлығына бірдей. Тағы бір айта кететін жайт, бұл тек қана телевизиялық-спорттық шоу-бағдарлама ғана емес, жобада үздік деп танылған спортшыларға болашақта әлемдік жарыстарда Қазақстанның намысын қорғауға мүмкіндік беріледі»,- деді «Qazsport» телеарнасының директоры Павел Цыбулин ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

«Qazsport» телеарнасы басшысының айтуынша, аталған жоба - ең алдымен еліміздің түкпір-түкпіріндегі жекпе-жек күресімен айналысқысы келетін жас жеткіншектер үшін таптырмас мүмкіндік. 
«Qazagstan FIGHTER» жобасы 20 қыркүйекте Qazsport және 22 қыркүйектен бастап «Qazagstan арнасынан көрсетіледі. Финал осы жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

Бұған дейін айтқанымыздай, Qazagstan және Qazsport телеарналары UFC жекпе-жектерін көрсету құқығына ие болды. 


Фото: kaztrk.kz

Соңғы жаңалықтар