Қазақстанда ауыл шаруашылығын субсидиялаудың жаңа тұжырымдамасы әзірленіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау реформасы қайта қаралып жатыр. Ол үшін жаңа тұжырымдама әзірленуде. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында ауыл шаруашылығы саласын субсидиялауды қайта қарауды міндеттеді. Осы орайда бүгінде министрлік субсидия реформасын қайтап қарап, жаңа тұжырымдама әзірлеп жатыр. Жаңа тұжырымдамаға қысқаша тоқталып өтсем, алдымен субсидия беру критерийлері жеңілдетілмек. Сол арқылы субсидиялау процесін бақылау да жеңілдейді. Екіншіден, субсидиялау механизмі нақты нәтиже мен көрсеткішке бағытталуы тиіс. Үшіншіден, субсидия алатын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушінің нақты жоспары мен жұмыс нәтижесі болуы керек. Және субсидия алушыға жүктелетін жауапкершілік еселене түспек. Яғни, субсидия берудің тиімді екеніне көз жеткізуіміз қажет. Төртіншіден субсидиялау аясын кеңейтпекпіз. Ендігі уақытта қуатына қарамастан барлық субъектілерге субсидия берілетін болады. Бұған дейін субсидиялауда ірі өнеркәсіптерге аса мән беріліп келген», - деді Ербол Қарашөкеев Үкімет үйінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, министрдің сөзіне сенсек, алдағы уақытта субсидияны рәсімдеу процесі де жеңілдей түспек.

«Субсидияны рәсімдеуді де жеңілдетпекпіз. Біріншіден, процесті автоматтандыру бұл заман талабы. Екіншіден, адамның қатысуынсыз құжаттастыру болуы мүмкін сыблайлас жемқорлықтың алдын алады», - дейді ол.

Оның айтуынша, жаңа тұжырымдамамен министрлік жанынан құрылған арнайы жұмыс тобы айналысып жатыр.


Соңғы жаңалықтар