Қазақстанда азық-түлік бағасының өсу себебі түсіндірілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов азық-түлік бағасының қымбаттау себептерін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, жыл басынан бері азық-түлік бағасы 4,8%-ға өскен.

«Қымбаттаудың негізгі себебі – импорттық өнімдерге бағаның өсуі болып отыр. Бізде бірқатар өнім бойынша импортқа тәуелділік бар, мысалы қант импортына – 60%, қарақұмыққа – 11%, күнбағыс майына – 22%, тауық етіне – 20%. Осы позицияларда бағаның ең жоғары өсуіне жол берілген. Біз өз кезегімізде бағаның қымбаттауының экономикалық себептерін көріп отырмыз және жедел сипаттағы бірқатар шара қабылдадық. Талдау қорытындысы бойынша, нарық қатысушыларына бағаның төмендету туралы 48 ескерту жіберілді. Бұл ескертулердің шамамен 70%-ы ерікті түрде орындалды және бағалар төмендетілді. Бүгінде бағаның өсу қарқыны 0,6% - дан 0,2% -ға дейін төмендеді», - деді Р. Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін спикер «Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның» негізгі бағыттарын айтып берген еді.

Соңғы жаңалықтар