Қазақстанда азық-түліктің қандай түрлері арзандады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары ең қатты қымбаттаған өңірлердің алдына Павлодар облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы шыққан. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықты алаңдатып отырған маңызды мәселелердің бірі - азық-түлік бағасы. Төтенше жағдай кезінде біз 9 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (күріш, ұн, қарақұмық, нан, жұмыртқа, күнбағыс майы) шекті бағасын белгіледік. Нарықтық экономикада тауарлар бағасы сұраныс пен ұсыныстың балансымен анықталады. Дегенмен бұл мемлекеттің ықпал ету тетігі жоқ дегенді білдірмейді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мәселесі Үкімет, орталық және жергілікті басқару органдарының тұрақты бақылауында», - деді Азамат Асқарұлы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жыл басынан 21 шілдеге дейін азық-түлік тауарларының бағасы 5,7 пайызға өскен. Әйтсе де бұл соңғы бес жылдағы рекордтық өсім деп айтуға келмейді. Азамат Асқарұлы 2016 жылы бұл көрсеткіш бірден 9,1 пайыздық, ал 2019 жылы 7,7 пайыздық өсімді көрсеткенін айтады.

«Дегенмен кейінгі үш айда бағаның едәуір тұрақталғаны байқалады. Мамыр айында баға өсімі 0,1 пайыздық өсімді көрсетсе, маусымда өскен жоқ. Шілденің алғашқы үш аптасы 0,1 пайыздық баға өсімімен аяқталды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының ең жоғары өсімі Павлодар (+11,9%) мен Нұр-Сұлтан (+11,8%) қалаларында тіркелді. Ал ең төменгі өсім Алматы (+3,1%), Петропавлов (+4,7%) мен Ақтау (+4,8%) қаласында байқалды. Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары ішінде ең қымбаттағандары - картоп (+43,3%), сәбіз (+31,4%), сарымсақ (+20,3%) қарақұмық жармасы (+19,0%), қант (+10,7%) пен күнбағыс майы (10,2%). Ал бағасы төмендеген азық-түлік қатарына орамжапырақ (- 23,3%), жұмыртқа (-7,2%), күріш (-7%), тауық еті (-2,9%) мен тұзды (-1%) жатқызуға болады», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар