Қазақстанда бәсекелестік ортаны жақсарту үшін қандай шаралар жасалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бәсекелестікті қорғау және даму агенттігі төрағасының Серік Жұманғарин бәсекелестікті дамыту жөніндегі шараларды іске асырудың қандай әсер беретінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз 2025 жылға қарай мұнай өнімдерінің биржалық саудасын 20%-ға дейін, сұйытылған газбен алмасуды келесі жылы 100%-ға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Экономикалық тиімділік 1,9 триллион теңгеден асады. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық көлемі 2025 жылға қарай 30% дейін, 150 миллиард теңгеден астам сомаға ұлғайтылады. Бюджет қаражатын жыл сайын 20 миллиардқа үнемдеп және шағын және орта бизнестің шығыны 31 миллиард теңгеге дейін азаяды. Маркет плейстерінің дамуы электр энергиясын жеткізушіні ауыстыру уақытын 10 есе қысқартады», - деді агенттік төрағасы Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Сонымен бірге, 2025 жылға қарай әуежайлар аумағында кемінде 7 қызмет көрсету түріне еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету көзделген.

«Байланыс саласындағы кабельдік кәрізге қолжетімділікті қамтамасыз ету, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы муниципалды автобус парктерінің санын 0-ге дейін қысқарту, 2025 жылға қарай мемлекеттік тапсырыс санын 50% қысқарту, 2025 жылға қарай 20 бірыңғай операторды оңтайландыру – осының барлығы Қазақстандағы бәсекелестік ортаны жақсартуға және дамытуға мүмкіндік береді», - деді С. Жұманғарин.


Соңғы жаңалықтар