Қазақстанда баспана құрылысына былтыр 2 трл теңге тартылған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда өткен жылы 15 млн шаршы метр баспана салынды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылдың қорытындысы бойынша 15 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,5% көп. 150 мың баспана пайдалануға берілді, өсім 30,1% көрсетті», - делінген министрлік ақпаратында.

Былтыр елімізде тұрғын үй құрылысына 2 трл теңге инвестиция тартылған. Бұл, оның алдыңғы жылмен салыстырғанда 33% жоғары.


Соңғы жаңалықтар