Қазақстанда биологиялық қауіпсіздік жөніндегі заң жобасы жасалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі заң жобасы жасалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетейік, бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Онда Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 16 қарашадағы COVID-19 таралуына қарсы іс-қимыл бойынша берген тапсырмалары шеңберінде нақты шаралар әзірленді.

ВАК отырысының қорытындысы бойынша бірқатар шешімдер қабылданды.

Атап айтқанда, биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ҚР заң жобасын әзірлеуді оны Парламент Мәжілісіне енгізе отырып, ағымдағы сессияның соңына дейін ұсыну міндеттелді.

Сонымен қатар, әскери госпитальдардағы төсек қорын қажетті жағдайда жедел өрістетуге толық әзірлікті қамтамасыз ету тапсырылды.


Соңғы жаңалықтар