Қазақстанда биылғы оқу жылын бастаудың үш нұсқасы жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елімізде биылғы оқу жылына қатысты үш нұсқаны жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім және ғылым министрлігінде елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, әзірлеген үш негізгі нұсқасы бар», - деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің онлайн форматтағы тілшілермен кездесуінде.

Министрдің айтуынша бірінші нұсқа – қашықтан оқыту.

«Бұл нұсқа таңдалған жағдайда алыстағы елдімекендерді есептемегенде қалғанының бәрі қашықтан оқытылады», - деді ол.

Екінші нұсқа – іштей және қашықтан оқыту.

«Бұл жағдайда шектеу болуы керек: мектепте міндетті түрде термометрия, санитайзерлер болуы тиіс. Әлеуметтік қашықтық сақталып, сабақтар қысқартылуы керек. Яғни кабинеттік жүйелер алынуы тиіс», - деді министр.

Асхат Аймағамбетов үшінші нұсқа - штаттық режимде қатаң санитарлық шектеу шаралары сақтала сабақты жалғастыру екенін жеткізді.

«Яғни балалар іштей оқиды да, қоңырау, сыныптардың толымдылығы, ауысым, кабинеттік жүйелерді алудан бастап асханаға баруға дейінгі шектеу шаралары күшінде болады», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар