Қазақстанда былтыр 140 мыңнан астам баспана пайдалануға берілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы құрылыс саласы экономикалық өсудің негізгі драйвері болып қалды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдқ даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қалыптасқан жағдайға қарамастан, құрылыс саласы экономикалық өсудің негізгі драйвері болып қалды. Құрылыс саласында нақты көлем индексі 2020 жылдың қорытындысында 111,2 пайыз болды. 16 өңірде оң динамика байқалады», - деді ол.
Министр тұрғын үй құрылысында 2020 жылдың қорытындысында 15 млн 336 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілгенін айтты.
«Бұл – өткен жылымен салыстырғанда 116,8 пайыз. Республика бойынша барлығы 140 мыңнан астам баспана пайдалануға берілді. Оның ішінде 41 193 жеке тұрғын үй бар. Көрсеткіш 15 өңірде артты. Өңдеуші өнеркәсіптің негізгі секторлары, оның ішінде отандық құрылыс материалдары өндірісінің өсімі арқасында экономиканың өзіндік жеткіліктілігін арттыруға және барлық аралас салаларда оң нәтижеге қол жеткіздік», - деді Бейбіт Атамқұлов.
- Баспанаға мұқтаж отбасыларға пәтер жалдау ақысы 80 пайызға дейін субсидияланбақ
- Жамбылда биыл 48 инвестициялық жоба жүзеге асады
- Роман Скляр мұнай-газ химиясындағы инвестициялық келісімдерді әзірлеуді бақылауға алуды тапсырды
- Илон Маск АҚШ-тағы қор сауда-саттығының қорытындысы бойынша $6,2 млрд жоғалтты
-
2021 жылы Қазақстанда электр энергиясын өндіру артады
-
2020 жылы электр энергиясы секторына 82 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам