+7 (701) 759 90 19
USD 419.45 EUR 504.64
RUB 5.68 CNY 64.88
Jańalyqtar

Қазақстанда былтыр 430 мың тоннадан астам ет өндірілді

2021 жылғы 14 қаңтар 14:56
Бөлісіңіз:
Қазақстанда былтыр 430 мың тоннадан астам ет өндірілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы қаңтар-қараша айларында Қазақстанда ет өндіру көлемі (құс етін қоспағанда) 435 мың тоннадан асты. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2% артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінен мәлім еткендей, сондай-ақ, шұжық өнімдерін өндіру 12% (48-ден 53,8 мың тоннаға дейін), ет консервілерін өндіру 13,8% (7,7-ден 8,8 мың тоннаға дейін) артты.

Сиыр етінің экспорты өткен жылдың қаңтар-қазан аралығында 26,4 млн АҚШ долларын құрады.

«Отандық дайын өнім өндірісінің өсуі мал шаруашылығы және ет өңдеу салаларындағы мемлекеттік көмектің ұлғаюына байланысты болды. Сонымен қатар, өңдеуші кәсіпорындар қуатының артуына ҚР АШМ-ның өткен жылы тірі мал экспортына мораторий жариялауы оң әсерін тигізді. Бұл шара малдың елден жаппай шығарылуын тоқтатып қана қоймай, Президенттің тапсырмасына сәйкес дайын өнім өндірісінің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді», - дейді министрліктен.

Айта кетейік, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ет өңдеушілер келесідей қолдау шаралары көрсетіледі:

1) жұмыс істеп тұрған зауыттарды жаңғыртуға және жаңа зауыттарды салуға инвестициялық салымдардың бір бөлігін өтеу (25% дейін);

2) айналым және негізгі құралдарға арналған несиелер бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау;

3) «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде, оның ішінде ет және құс етін өндірушілерге жеңілдікпен несие беру қарастырылған.

Сонымен қатар, ҚР АШМ өгізшелерді ет өңдеу кәсіпорындарына тапсыру кезінде фермерлерді субсидиялау шараларын енгізді. Мал өсірушілер мемлекеттен қосымша бір келі тірі салмақ үшін 200 теңгеден ала алады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT