Қазақстанда дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмек жеткілікті – Денсаулық сақтау министрі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықтың жаппай дәрі-дәрмек сатып алу жағдайына қатысты қандай шаралар қабылданып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус пандемиясы қазақстандықтардың өміріне үлкен әсерін тигізіп жатыр. Көршілес елдердегі қиын жағдайларға қарамастан мемлекеттің шекарадағы санитарлық күзетіне бағытталған күш-жігері – инфекцияның сырттан келетін жағдайлардың барынша алдын алуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта жағдай инфекцияның үйде таралу деңгейіне өтіп кетті. Вирус халық ішіне тарады. Әр отбасы осынау қиындықпен бетпе-бет келіп отыр», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша 30 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 40 мыңға жетіп қалған.

«Кейінгі айларда медициналық ұйымдар күшейтілген режимде жұмыс жүргізуде. Медициналық қызметкерлер инфекция жұқтырған адамдарды емдеп, олармен үнемі қарым-қатынаста жүр. Сол себепті олар да ауырып жатыр. Бұл – кадрлық жетіспеушілік мәселесін күрделендіруде. Бірақ ресурс жеткілікті. Біз оны да еңсеріп келеміз. Үкіметтік шаралардың жаңа пакеті жағдайды тұрақтандырады. Денсаулық сақтау жүйесі – әлеуметтік-экономикалық жайлылықтың барометрі болып қала береді», - деді ол.

Алексей Цой дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі мәселесіне байланысты тараған әртүрлі әңгімеге нүкте қойғысы келетінін айтып өтті.

«Мессенжерлер мен әлеуметтік желілердегі әртүрлі провокациялық әңгімелер халықтың «алда керек боп қалар» деп қор жинау мақсатында дәріханадан дәрі-дәрмекті, әсіресе ыстық түсіретін препараттарды көптеп сатып алуына әкеп соқты. Мұндай препараттар біздің елімізде жеткілікті деңгейде өндірілетінін атап өткім келеді. Дүрбелеңді ескере отырып, дәрі-дәрмекті сатып алу мен жеткізу ережелерін қайта қарау туралы шешім қабылданды. Отандық өндірушілер дене қызуын түсіретін препараттардың ірі партиясын жеткізді. Ингеверин мен 70 мың қаптама интерафлю жеткізілді. Оның 40 мың қаптамасы алдағы уақытта қоймаларға жеткізіліп, аймақтарға таралады. Мұндай препараттар ем-дом хаттамасына сәйкес амбулаториялық деңгейде ковидті емдеуге қолданылмайтынын атап өткім келеді», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар