Қазақстанда экспорттаушыларды қолдайтын арнайы бағдарлама іске қосылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда экспортқа негізделген кәсіпорынлдарға қолдау көрсететін арнайы бағдарлама іске қосылды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің ойымша, келесі жаңалық бизнес өкілдеріне, оның ішінде экспортқа негізделген кәсіпорындарға қызықты болады. Сауда министрлігі экспортқа сауда жасағысы келетін кәсіпорындарды қолдауға бағытталған QAZTRADE акселератор арнайы бағдарламаны іске қосты», - деді министр «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен.

Оның сөзіне қарағанда, бағдарлама өнім өткізетін нарықтарды, тауарды сатып алушыларды іздестіруге, сондай-ақ келісімшарттарды бекітуге қолдау көрсетеді.

«Мұндай көмек ақысыз негізде жүргізіледі», -деді Дәурен Абаев.

Еске сала кетейік, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов QAZTRADE экспорттық акселератор бағдарламасына қатысты түсінік берген болатын.



Соңғы жаңалықтар