Қазақстанда электронды петиция жүйесін енгізу жоспарлануда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда электронды петиция жүйесін енгізу көзделіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру жөнінде ОКҚ-дағы баспасөз мәслихаты барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мемлекеттің қызметіне қатысуға қоғамдық қызығушылықтың өсіп келе жатқанын айтты. Министр Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында министрлік әлемнің 30-ға жуық елінің тәжірибесін зерделегенін, онда петиция іс жүзінде қолданылатынын мәлім етті. Айтуынша, көптеген елдерде «петиция» ұғымы ұжымдық үндеудің электрондық түрі болып табылып, заңнамалық деңгейде реттеледі.

«Қазақстанда «петиция» ұғымы нақты бекітетін, сондай-ақ оны ұсныу мен қарау тәртібін реттейтін тиісті нормативтік-құқықтық база әзірленуде», - деді Аида Балаева.

Еске сала кетсек, кеше Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында кеңес мүшесі Максим Споткай петицияларды үшке бөлуді ұсынған еді.


Соңғы жаңалықтар