Қазақстанда фармацевтика өнеркәсібін дамытудың жол картасы жасалады
«Фармацевтика және химия өнеркәсібі бойынша 2021-2025 жылдарға арналған даму жол карталары бекітіледі. Бұдан басқа, фармацевтикалық кәсіпорындардың клиникалық және клиникаға дейінгі сынақтар жүргізуге, сондай-ақ GMP стандарттарын енгізуге арналған шығыстарын субсидиялау мәселесін пысықтауды жоспарлап отырмыз. Бұл ЕАЭО нарығында дәрілік заттарды тіркеу бойынша отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттырады», - деді Бейбіт Атамқұлов Сенатта өтіп жатқан «ҚР өнеркәсіптік саясатты заңнамалық реттеу: жай-күйі, проблемалары және шешу жолдары» тақырыбындағы Үкімет сағатында.
Сондай-ақ, елде дәрілік заттардың құнын төмендету мақсатында бірқатар импортталатын субстанциялар мен шикізатқа кедендік баждарды төмендету мәселесін пысықталмақ.