Қазақстанда футбол, жағажай футболы мен футзалдың үздіктері анықталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада биылғы футбол маусымының жабылу рәсімі өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның футбол федерациясына сілтеме жасап.

«Қазақстанның футбол федерациясы 2019 жылғы маусымның қорытындысы бойынша үздік футболшылар, бапкерлер және менеджерлерді салтанатты марапаттау рәсімін ұйымдастырады. Шара 11 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласының Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді», делінген хабарламада.

Марапаттау рәсімінде ерлер және әйелдер футболы, жағажай футболы мен футзалдың үздіктері анықталады. Салтанатты шараға футбол ардагерлері, БАҚ өкілдері, шоу-бизнес, телеарна, кино мен отандық эстрада жұлдыздары қатысады.

Соңғы жаңалықтар