+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Қазақстанда газды қайта өңдейтін зауыт салынуы мүмкін

2019 жылғы 2 қазан 17:23
Бөлісіңіз:
Қазақстанда газды қайта өңдейтін зауыт салынуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда газды қайта өңдейтін зауыт салынуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Газды қайта өңдейтін зауыт құрылысына қатысты айтар болсам, бүгінгі күні өндірілетін ілеспе газ көлемін кәдеге асыру мұнай өндіруді арттыруға тежеу болып отырған фактор саналады. Осыған орай газды қайта өңдейтін зауыт салу нұсқасы қаралып жатыр. Әзірше, болжаммен жылына 1 млрд текше метрлік өндірістік қуатты, дегенмен одан кейін еселей түсуге мүмкіндігі бар модульдік тұрғыда жасалатын нұсқасы қарастырылуда», - деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта бұл мәселенің техникалық жағы қарастыру үстінде.

«Дәл осыған жобаның құны да, қаржыландыру мәселелері де байланысты. Бұл мәселе әзірше талқыланып жатыр. Дегенмен, іс жүзінде бұл өте дұрыс шешім. Меніңше, қажеттілікті ескер отырып, оны таяу үш жылдың ішінде жүзеге асырған жөн сияқты. Әйтпесе, одан кейін оның тиімділігі өзекті болмай қалады», - деді бірінші вице-министр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Канат Токабаев
Канат Токабаев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT