+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Қазақстанда хоккей жарыстары көрерменсіз өтеді - QHF

2020 жылғы 12 наурыз 16:06
Бөлісіңіз:
Қазақстанда хоккей жарыстары көрерменсіз өтеді - QHF

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - COVID-19 коронавирусына байланысты елімізде болатын барлық хоккей матчы бос трибунада көрерменсіз өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан хоккей федерациясына (QHF) сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда үй карантинінде 1298 адам бар Карантин режимі: Иммунитетті көтеретін ұлттық тағамдар Ақтөбеде жеке емхана қызметкері коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан

«Спорт жарыстары өтеді, бірақ көрерменсіз өтетін болады. Бұл – халықаралық тәжірибе. Барлық Еуропа елінде үлкен құрамалар көрерменсіз алаңға шығады. Бізде де осындай шешім қабылданды», - деп мәлімдеді ҚР Үкіметінің шұғыл брифингінде Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Осылайша жанкүйерлердің денсаулығына қауіп төнбес үшін 13 наурыздан бастап Қазақстандағы барлық ресми хоккей жарыстары көрерменсіз өтеді. Аталған шектеу шараларының мерзімі туралы Қазақстан хоккей федерациясы қосымша хабарлайды.

Айта кетейік, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік коронавирус пандемиясына байланысты елде барлық жаппай мәдени және спорттық шараларды өткізуге уақытша тыйым салды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Коронавирус,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT