+7 (701) 759 90 19
USD 424.49 EUR 504.51
RUB 5.59 CNY 64.57
Jańalyqtar

Қазақстанда инжиниринг және цифрлық трансформация орталығы құрылады

2020 жылғы 29 қазан 15:10
Бөлісіңіз:
Қазақстанда инжиниринг және цифрлық трансформация орталығы құрылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін ретке келтіру бойынша инжиниринг және цифрлық трансформация орталығы құрылады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жұмыспен қамту орталығының қызметін онлайн алуға болады 1414 Call-орталығына жасанды интеллект элементтері енгізіледі Еgov порталына биометрия арқылы тіркеу мүмкіндігі іске асырылады - Бағдат Мусин

«Жалпы, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесін ретке келтіру бойынша Инжиниринг және цифрлық трансформация орталығын құруды жоспарлап отырмыз. Бүгінде мемлекеттік органдарда көптеген ақпараттық жүйелер жұмыс істейді. Бұл - жақсы да емес, жаман да емес, жай ғана факт. 15 жылда біз көптеген ақпараттық жүйелерді құрдық, бұл бізге БҰҰ рейтингінде белгілі бір жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді. БҰҰ электронды үкіметті дамыту рейтингінде біз үздік отыздыққа кіреміз», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бірақ, министр белгілі бір тексеру жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.

«Кей жүйелер ескірген, қолданыстан шыққан немесе пайдаланушылардың қазіргі талаптарына сәйкес келмейді деген пікірлер бар. Сондықтан біз осы орталықты құрып, мемлекеттік органдардағы белгілі бір ақпараттық жүйелерді құратын компанияларға ықпал ету үшін министрлік пен «Зерде» холдингінің рөлін күшейтеміз. Бұл нақты не береді? Біз цифрландыруға енер алдында барлық бизнес процестерді нақты жазып шығамыз. Барлық цифрландыру процестеріне сәйкес келетін бірыңғай заманауи IT архитектурасы мен келісімі болады», - деп түсіндірді Бағдат Мусин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT