Қазақстанда қандай аурулар кезінде оңалту көмегі ұсынылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда қандай аурулар кезінде оңалту көмегі ұсынылады? Бұл сауалға бүгін оңалту көмегі жөніндегі ұлттық үйлестіруші, дәрігер-реабилитолог Айгүл Хасенова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта кардиохирургиялық аурулар кезіндегі жедел араласу, нейрохирургиялық және ортопедиялық отадан кейін оңалту көмегі көрсетіледі. Жалпы, реаблитациялық көмектің үш бағыты бар. Олар: неврология-нейрохиругия, ортопедия-травматология, кардиология-кардиохирургия. Енді бұған ковидтан кейінгі оңалту қосылып отыр», - деді ол COVID-19-дан кейінгі оңалту мәселелеріне арналған онлайн дәріс барысында.

Оның атап өтуінше, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне оңалту элементтері кіруі мүмкін.

«Мәселен, науқас короновируспен ауруханаға түскен кезде ем-шарамен бірге дәрігер реабилитолотың да кеңесін алады. Ол өзінің қосымша емдеуін тағайындайды. Міне, осы жайт тегін медициналық көмектің кепілендірілген көлемі аясында көрсетіледі. Ал екінші және үшінші оңалту кезеңін пациент Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында алады», - деді Айгүл Хасенова.


Соңғы жаңалықтар