Қазақстанда қандай жолдар жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Республикалық маңызы бар қандай автожолдарда көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазавтожолға сілтеме жасап хабарлайды.

Нұр-Сұлтан қаласының «Нұр-Сұлтан-Павлодар», «Нұр-Сұлтан-Қостанай» автожол бөліктерінде барлық көлік түрлері үшін жол жабылды.

Ақмола облысында барлық көлік түрлері үшін 3 жол бөлігінде қозғалыс шектелген: «Нұр-Сұлтан-Ерейментай-Шідерті» (Нұр-Сұлтан қаласынан – Павлодар облысының шекарасына дейін), «Екатеринбург-Алматы» (Жақсы ауылынан – СҚО шекарасына дейін), «Екатеринбург-Алматы» (Атбасар қаласынан – Нұр-Сұлтан қаласына дейін), Алматы облысында «Үшарал-Достық» (Көктұма ауылынан – Қасенов ауылына дейін) автожол бөлігінде барлық көлік түрлері үшін жол жабылды.

Шығыс Қазақстан облысында жүк және жолаушылар көліктері үшін «Алматы-Өскемен» (Қалбатау ауылынан – Қасенов ауылына дейін) автожол учаскесінде қозғалыс шектелді.

Барлық көлік түрлері үшін «Өскемен- Шемонаиха-Ресей шекарасы» (Предгорное ауылынан – Ресей шекарасына дейін), «Өскемен-Алтай-Қатон-Қарағай-Рахман қайнары» (Ушанов ауылынан –Серебрян қаласына дейін) автожол учаскелерінде жол жабылды.

Қарағанды облысында «Алматы-Екатеринбург» (Қарағандыдан – Ақсу-Аюлы ауылына дейін), «Алматы-Екатеринбург» (Теміртау қаласынан –Ақмола облысының шекарасына дейін) автожол учаскелерінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Павлодар облысында «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» (Шідерті ауылынан – Ақмола облысының шекарасына дейін) және «Қызылорда-Павлодар» (Ленин ауылынан – Қарағанды облысының шекарасына дейін) автожол учаскелерінде жол жабылды.

Солтүстік Қазақстан облысында барлық бағыт бойынша қозғалыс шектелді.

ІІМ ТЖ комитеті азаматтарға ауа райы өзгерісін, метеорологиялық ақпаратты, смс-хабарламаларды бақылауда ұстауға кеңес береді.

«Жол көрінісінің нашарлауына байланысты алысқа жолға шығудан бас тартқан жөн. Егер адамдар жолда қандай да бір жағдайға тап болса, құтқару қызметінің «112» бірыңғай нөміріне хабарласа алады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар