+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 517.08
RUB 5.74 CNY 66.17
Jańalyqtar

Қазақстанда қанша елдімекенді су басу қаупі бар

2021 жылғы 15 сәуір 17:27
Бөлісіңіз:
Қазақстанда қанша елдімекенді су басу қаупі бар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігі көктемде су басу қаупі бар 905 елдімекенді анықтады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ауғанстандағы су тасқыны: 78 адам қаза тауып, 32 адам із-түссіз жоғалған Қытайдағы нөсер жаңбыр: 70 мың адам қауіпті аймақта қалды 8-10 мамыр аралығында Алматы өзендерінде су деңгейі көтеріледі

Ведомствоның мәліметінше, жалпы 2017-2020 жылдары елімізде көктемде су басу қаупі бар 905 елдімекен анықталды. Су тасқыны қаупінің алдын алу бойынша Жол картасын іске асырудың арқасында үш жүзден астам (315) елдімекенді су басу қаупі сейіліп, 300 мыңнан астам адам тұратын тағы 314 елдімекенде қатер азайған.

Жалпы жол картасы аясында 26 гидротехникалық құрылыс жөнделген: Солтүстік Қазақстан облысының Кожевенный кентіндегі қоршау бөгеті қайта жаңартылған (2638,9 млн теңге); Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы М. Шорман бөгетінің шайылып кеткен учаскесі қалпына келтірілді (1364,9 млн теңге); Ақтөбе облысы Алға ауданының Елек өзені бойындағы қорғаныс бөгеті күрделі жөндеуден өткен (130 млн теңге).

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрі елімізде 46 үй мен 67 автожолды су басқанын айтқан еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT