Қазақстанда қанттың орташа бағасы қанша

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев елдегі қанттың орташа бағасы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қантты бастапқы бағада сатып алу мәселесімен ауыл шаруашылығы министрлігі айналысады, өйткені квоталарды солар бөледі. Қант әртүрлі елдерден жеткізіледі, Үндістан, Мексика, Бразилиядан әкелінетін қант бар. Әрқайсысының бағасы әртүрлі. Мұның бәрі біз әкелетін көлемге және өндіруші елге байланысты. Сондықтан егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүгіну қажет», - деді брифинг барысында журналистерге Сауда Комитетінің төрағасы.

Сонымен бірге, спикер елдегі қант бағасы туралы айтып берді.

«Баға бойынша біз апта сайын мониторинг жүргізіп шығамыз. Статистика көрсеткендей, кем дегенде өткен аптада қанттың орташа бағасы 450-470 теңге болған. Дегенмен, біз әлі ресми деректерді алған жоқпыз. Осы аптада жаңа статистикалық мәліметтер аламыз және ертең сіздерге қосымша ақпарат бере аламын», - деді Ержан Қазанбаев.

Бұған дейін Е. Қазанбаев елімізде қант тапшылығы жоқ екенін айтқан еді.

«Кейбір сауда желілеріне қант сәл кеш түсіп, белгілі бір аралықта қант болмауы мүмкін. Қант тапшылығы жоқ және ол болмайды да», - деп түсіндірді комитет төрағасы.




Соңғы жаңалықтар