Қазақстанда қарттарды қолдауға арналған 2025 жылға дейінгі жоспар бекітілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде егде жастағы азаматтарды әлеуметтік қолдауға бағытталған «Белсенді ұзақ өмір сүру» атты жоспар бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

«Nur Otan партиясының «Өзгеріс жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы аясында биыл біздің министрлік аға буын азаматтардың жағдайын жақсарту бағытталған 2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» атты іс-шаралар жоспарын бекітті», - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Еңбекминнің мәліметінше, аталған жоспар егде жастағы адамдардың қоғам өміріне белсене араласуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар жоспар қарт жандарды сапалы мемлекеттің қолдаумен қамтуға кепілдік береді. Және жоспар ведомствоға бағынысты жобалық офис арқылы жүзеге асатыны белгілі болды.

«Жоспарға сәйкес еліміздің барлық өңірлерінде белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын ашу көзделген. Орталықтардың қызметі егде жастағы белсенді азаматтардың санын көбейтуге, олардың өмір сүру сапасын, әл-ауқатын, денсаулығын және психоэмоционалдық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта аталған орталық еліміздің 10 өңірінде ашылды. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында бар. Одан бөлек, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, СҚО және Түркістан облысында орталықтар жұмыс істеп тұр», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің директоры Асқар Ниязов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, министрлік егде жастағы жандарға көрсетілетін әлеуметтік көмек тізімін жариялады .

Сондай-ақ, Қазақстанда егде жастағы 45 мыңнан астам жан мемлекет тарапынан көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылғаны айтылды.


Соңғы жаңалықтар