Қазақстанда қаржы пирамидасына тән белгілер бар 1 704 сілтеме бұғақталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде соңғы 1,5 айдың ішінде қаржы пирамидасына тән белгі бар 1246 сілтеме бұғақталды. Бұл туралы ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ҚазАқпарат тілшісі жолдаған ресми сауал жауабында айтылған.

«Қаржы пирамидасы әрекетіне қатысты жайттардың алдын алу мақсатында мессенджерлер мен әлеуметтік желілерге тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп отыратынын хабарлаймыз. Одан бөлек сайттар мен аккаунттарды бұғаттау бойынша жұмыс жандандырылды. Жыл басынан бері қаржы пирамидасына тән белгілер бар 1 704 сілтеме бұғақталды. Оның ішінде 1246 сілтеме соңғы 1,5 айдың ішінде бұғақталып отыр», - деген ақпарат берді аталған агенттік.

Еске салсақ, биыл суірде Ақмола облысында Qnet қаржы пирамидасының басшыларына қатысты тергеу жүріп жатқаны туралы хабарлаған едік.

Сондайақ елімізде қаржы пирамидаларының жарнамасы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу жоспарланып отыр.

ҚР Ішкі істер министрлігі ұсынған дерекке сәйкес жыл басынан бері қаржы пирамидаларының үстінен 27 қылмыстық іс қозғалған.



Соңғы жаңалықтар