+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 517.08
RUB 5.74 CNY 66.17
Jańalyqtar

Қазақстанда киік санағы басталды

2021 жылғы 15 сәуір 16:11
Бөлісіңіз:
Қазақстанда киік санағы басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда киіктердің санын анықтау үшін тікұшақпен әуеден санау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да жаппай қырылған 380-ге жуық киік анықталды Киіктердің төлдеу кезеңінде зымыран бөліктерінің құлау ауданын пайдалану шектеледі БҚО-дағы киіктерге қатысты жағдайдың себептері әлі зерттелмеген – сарапшы

«14 сәуірде ҚБСҚ қызметкерлері ұшу алдындағы дайындықты өткізді: есептеушілерге арналған тренинг жүргізілді, маркерлерді орнату және есеп жолағының ені белгіленді, есеп маршруттары (галстар) жоспарланды. Бүгін, 15 сәуірде Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында алғашқы ұшу басталды», - деп жазды қауымдастық Facebook парақшасында.

Ұйымның хабарлауынша, есеп жүргізу үшін екі топ жұмыс істейді: біреуі — Бетпақдала популяциясында, екіншісі — Орал және Үстірт популяцияларында. Есеп кезінде 200-ге жуық ұшу сағаты жоспарланған.

«Әуе есебі жыл сайын киіктің барлық үш популяциясында өткізіледі. 2020 жылы карантин шектеулеріне байланысты әуе есебі тоқтатылды. Бұл жұмысты ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ ұйымдастырады. ҚБСА қызметкерлері мемлекеттік инспекторлармен бірлесіп есепке алуға тікелей қатысады және санның қорытынды есебін қамтитын жұмыстың ғылыми компонентін қамтамасыз етеді», - дейді Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT