+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Қазақстанда «Киік» табиғат қорғау акциясы басталды

2021 жылғы 15 сәуір 10:11
Бөлісіңіз:
Қазақстанда «Киік» табиғат қорғау акциясы басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 15 сәуірі мен 15 мамыры аралығында еліміздің 12 облысында кең ауқымды «Киік» табиғат қорғау акциясы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Экология және геология министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Каспий теңізіндегі тереңдету жобасын қоғамдық мониторинг бақылайды Сағынтаев жасыл желекті, көшеттерді күтіп ұстауды тапсырды Нұр-Сұлтанда Есіл және Ақбұлақ өзендерінің аумағы қоқыстан тазартылды

Іс-шараның бастамашылары Экология, геология және табиғи ресурстар, Ішкі істер министрліктері және Ұлттық қауіпсіздік комитеті. Аталған ведомство басшылары «Киік» табиғатты қорғау акциясын өткізу туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойды.

Акцияның мақсаты лактация кезеңінде киіктерді қорғауды күшейту, сондай-ақ ел аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың жолын кесу бойынша бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Бұйрық шеңберінде акцияны өткізу кезінде құқық қорғау және табиғат қорғау органдарының өзара іс-қимылы жөніндегі үйлестіру штабы, сондай-ақ бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілді.

«Акция барысында құқық қорғау органдарымен бірлесіп киік мүйіздерінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл және оларды елден тыс жерлерге шығару бойынша шаралар күшейтілетін болады»,-делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT