+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Қазақстанда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу 2,5 есе өсті

2021 жылғы 2 наурыз 14:08
Бөлісіңіз:
Қазақстанда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу 2,5 есе өсті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат-Қазақстанда төлем карталары арқылы 52 трлн теңгеге 3,2 млрд операция жүргізілген. Бұл 2019 жылға қарағанда 1,7 есе жоғары,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық банктің мәліметінше, төлем карталарымен жасалған он транзакцияның тоғызы қолма-қол ақшасыз жасалған. 2020 жыл ішінде қазақстандық эмитенттердің төлем карталарын қолдана отырып, 35,3 трлн теңгенің 2,9 миллиард қолма-қол ақшасыз операциясы жүзеге асырылды. Бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 2,4 және 2,5 есе асып түседі.

Пандемия кезінде елде қолма-қолсыз транзакциялар мен интернет-дүкендер көбейді. Бұл қолма-қол ақша алу санының азаюымен расталады. 2020 жылы олардың саны 21%-ға азайды (297 млн операция). Төлем карточкаларын ұстаушылар 16,6 трлн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырды.

1 ақпанындағы жағдай бойынша 49,3 миллион төлем картасы айналымда болды, 26,5 миллион картаны (53,8%) ұстаушылар белсенді пайдаланады.

Төлем карталары арқылы тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу инфрақұрылымы да кеңейіп келеді.Төлем карталарын қабылдайтын кәсіпкерлер саны артты. Карта арқылы төлем қабылдайтын кәсіпкерлер саны – 108 мыңнан, ал сауда нүктелері – 169 мыңнан асты. Қазақстанда барлығы 203 мың POS-терминал жұмыс істейді.

2019 жылмен салыстырғанда, карта арқылы төлем қабылдайтын бөлшек сауда орындары (26%-ға) мен POS-терминалдардың (26%-ға) көбейгені байқалады. 2020 жылдың соңына қарай POS-терминалдардың 86%-ы контактсыз төлем функциясын қолдады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT