Қазақстанда көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауына қатысты екінші электронды аукцион өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған екінші электронды аукцион өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

23 сәуірде сағат 09:00-де электронды аукциондар операторының сайтында жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған екінші электрондық аукцион өтеді.

Бұған дейін 2020 жылғы 23 желтоқсанда 10 жер қойнауы учаскесі бойынша бірінші электрондық аукцион табысты өткізілді. Көмірсутектер шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған екінші электронды аукционды Энергетика министрлігі 2021 жылғы 23 қаңтарда 15 жер қойнауы учаскесі бойынша ведомствоның интернет ресурсында жариялаған.

Электронды аукционға шығарылған 15 учаскеден 23 сәуірде тек 8 учаске бойынша аукцион өткізіледі, қалған 7 учаске бойынша «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР кодексінің 99-бабы 1-тармағына сәйкес қатысушылардың ең аз санының болмауына байланысты жер қойнауын пайдалану құқығын беру аукционы өткізілмейді.

Естеріңізге сала кетсек, Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану, газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 30 желтоқсандағы заңды іске асыру мақсатында бірқатар құқықтық акті қабылдады. Оның ішінде «Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының интернет ресурсын пайдалана отырып, электронды нысанда аукцион өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 шілдедегі № 269 бұйрық бар.

«Осылайша, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске енгізілген түзетуге сәйкес, егер аукциондар бұрын қағаз жүзінде жүргізіліп, қатысушыларға қолайсыздық туғызса, 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, жер қойнауын пайдалану құқығын алуға мүдделі тұлға аукциондарға онлайн тәртіпте қатыса алады.

Жаңа тетік нарықтың ашықтығын қамтамасыз етіп, бюрократияны азайтады және бизнес үшін де, мемлекет үшін де шығындарды айтарлықтай кемітеді», делінген хабарламада.

Аукцион арқылы жерге меншік құқығы емес, жер қойнауын пайдалану құқығы беріледі. Бұл құқық «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» Кодексінде реттеледі, учаскелердегі кез келген технологиялық процестер ҚР Энергетика министрлігі жанындағы Барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияда қаралады.

Жер қойнауын пайдалану құқығын алған инвестор жергілікті атқарушы органмен жерді жалдау туралы шартқа қол қояды. Жобалау құжатын әзірлеу алдында әрбір жер қойнауын пайдаланушы жергілікті тұрғындардың қатысуымен қоғамдық тыңдау өткізуге міндетті.

Аукционның барысын кез келген адам бақылай алады. Бұл үшін оператор, яғни «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ, жеке ашық аукцион залын құрды.

Министрліктің Facebook аккаунтында онлайн трансляция кезінде көрмеге қойылған учаскелерге қатысты сол кездегі жағдай орналастырылады, ол жарты сағат сайын жаңартылып отырады.


Соңғы жаңалықтар