Қазақстанда коронавирус жұқтырған 25 мың науқас үйінде емделіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 13 мамырдағы ақпарат жарияланды.

13 мамырдағы мәлімет бойынша, 39 626 адам коронавирус инфекциясынан (39 143 КВИ+ және 483 КВИ-) емделіп жатыр.

Оның ішінде 14 124 пациент стационарда, 25 502 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

• 788 адамның жағдайы ауыр

• 183 пациенттің жағдайы өте ауыр

• 116 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Соңғы жаңалықтар