22:22, 27 Наурыз 2020 | GMT +6
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 145-ке жетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 145 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Сайт таратқан ақпараттарға қарағанда, Қазақстанда 22 сағат 20 минуттағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында 6 адам, Ақмола облысында 2 адам коронавирус жұқтырды. Олар:
Нұр-Сұлтан қаласында – 75
Алматы қаласында – 50
Қарағанды қаласында – 4
Шымкент қаласында – 2
Ақмола облысы – 3
Алматы облысында – 1
Ақтөбе облысында – 1
Атырау облысында – 3
Жамбыл облысында – 3
Павлодар облысында – 1
Солтүстік Қазақстан облысында – 1
Маңғыстау облысы – 1