Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина шетелдік студенттерге ақысыз егіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін халық алдында есеп беру кездесуінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда адамдардың қай санаттарына вакциналау ақысыз егілетіндігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде вакциналау Қазақстан азаматтарына, елде тұруға ықтиярхаты бар және ел аумағында тұрақты тұрып жатқан адамдарға тегін жүргізіледі», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, ақысыз вакциналау шетелдіктердің кейбір санаттарына ұсынылады.

«Бұдан бөлек, кеше коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл жөніндегі Ведомствоаралық комиссия отырысында тиісті шешім қабылданды. Осы орайда ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ету үшін ел ішінде үш айдан астам уақыт жүрген шетелдік студенттер мен еңбек мигранттары ақысыз екпе алады», - деді А. Цой.


Соңғы жаңалықтар