+7 (701) 759 90 19
USD 429.76 EUR 518.16
RUB 5.64 CNY 66.15
Jańalyqtar

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация міндетті бола ма

2021 жылғы 7 сәуір 18:06
Бөлісіңіз:
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация міндетті бола ма

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация міндетті бола ма? Бұл сауалға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында ASHYQ жобасы бойынша тоғыз нысан іске қосылды Қазақстанда 766 614 адамға коронавирус вакцинасы егілді 26 қазақстандық коронавирустан көз жұмды

«Бүгінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша жүргізіледі. Бұл Үкіметтің Қазақстан Республикасындағы екпелердің ұлттық күнтізбесі бекітілетін тиісті қаулысында да көрініс тапқан», - деді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Осы орайда ол «коронавирусқа қарсы вакцинация міндетті болуы мүмкін бе?» деген сауалға да жауап берді.

«Кодекстің 77-бабына сәйкес, кез келген вакцинация вакцинаны алушының міндетті түрде келісімі арқылы ғана салынатындығын атап өткім келеді. Яғни, кез келген уақытта бас тартуға болады», - деді комитет төрайымы.

Сонымен қатар Айжан Есмағамбетова вакцинация жұқпалы аурлармен күрестің ең оңтайлы тәсілі екендігін баса айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT