12:21, 12 Шілде 2020 | GMT +6
Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың 13 шілдесінде жалпыұлттық аза тұту күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:00-де коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады.