08:15, 01 Тамыз 2020 | GMT +6
Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 60 мыңнан асты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда өткен тәулікте 1308 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Аймақтар бойынша
Нұр-Сұлтан қаласы - 275
Шымкент қаласы - 25
Ақтөбе облысы - 7
Атырау облысы - 17
Шығыс Қазақстан облысы - 132
Жамбыл облысы - 606
Батыс Қазақстан облысы - 29
Қарағанды облысы - 95
Қостанай облысы - 8
Қызылорда облысы - 68
Маңғыстау облысы - 28
Павлодар облысы - 14
Түркістан облысы - 4
Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 60825.