Қазақстанда коронавирустың «британдық» штамы тіркелген жоқ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы сарапшысы Нұршай Әзімбаева елімізде коронавирустың «британдық» штамы тіркелмегенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде коронавирус инфекциясының «британдық» штамына қатысты сұрақ қойылды.

«Әлем бойынша коронавирус инфекциясы штамдарын, олардың мутациясын зерттеп, қадағалап отырмыз. Еліміз бойынша ұлттық сараптама орталығы бар. Орталық елде тіркелген коронавирус инфекциясының штамдарын қарап, тексереді. Осының нәтижесінде, «британдық» шатамм еліміздің аумағында тіркелмеді», - деді Н. Әзімбаева.

Сонымен бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатқанын айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов коронавирусқа қарсы вакциналау науқанына қатысты түсінік берді.

Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жалғасып жатыр. Қазіргі кезде бірінші компонентпен 20 157 адам егілді. 22 ақпаннан бастап екінші компонентпен вакциналау басталып, 2 137 адамға екпе жасалды, қолайсыз көріністер тіркелген жоқ.

Сонымен қатар Қазақстанда 65 жастан асқан адамдарды вакцинациялауға рұқсат етілді.


Соңғы жаңалықтар