Қазақстанда медициналық қызметтердің сапасы қалай бақыланады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында медициналық қызмет көрсететін ұйымдарға бақылау жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақселекова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халық денсаулығы туралы» кодекске сәйкес, медициналық қызметке төлем жасалмастан бұрын ол (медициналық қызмет көрсететін ұйым) сапа мониторингінен өтеді. Дәл осы сапа мониторингін, келісімшарт міндеттемелерінің орындалуын қор жүзеге асырады«, - деді министрліктің жауапты хатшысы медициналық қызметтердің электронды порталын іске қосуға арналған шара аясында.

Б.Жақселекованың атап өтуінше, көрсетілетін қызмет сапасы ұнамаған жағдайда науқас қордың Call-center-іне немесе оның филиалдарына жүгінуі қажет.

»Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бұл өзіндік адвокат, сақтандыру агенті десек болады. Егер сіз көрсетілген медициналық қызметтің сапасына не болмаса көлеміне қанағаттанбасаңыз, онда ӘМСҚ Call-center-іне не болмаса бүкіл республикадағы оның 17 филиалына хабарласа аласыз. Яғни, біз дәл осы кері байланыс арқылы қызмет сапасын күшейтуді, ал халықтың қанағаттану деңгейін арттыруды күтіп отырмыз«, - деді ол.

Осы орайда әрбір жекелеген жағдай бойынша ӘМСҚ қызметкері пациентпен және оған қызмет көрсеткен медициналық ұйыммен тікелей байланысқа шығып, нәтижелерге тексеру жүргізетіндігін баса айтты.

»Егер науқас шағымданған факті шынымен де орын алған болса, онда бізде сапасыз не болмаса толық көлемде көрсетілмеген қызметке төлем жасамауға мүмкіндік беретін қаржылық тетік бар«, - деді Ботагөз Жақселекова.

Соңғы жаңалықтар