Қазақстанда Мемлекеттік БАҚ порталы іске қосылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталы» (https://program.2gov.kz/) және «Мемлекеттік БАҚ порталы» (https://news.2gov.kz/) деп аталатын екі жаңа порталды іске қосты. ҚазАқпарат бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталында мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы мен кезеңдері туралы, оларға жауапты және бақылайтын органдар туралы барлық ақпараттар, мультимедиялық мазмұндағы нұсқаулықтар, инфографикалар және тағы басқасы орналастырылады.

Порталдың мазмұны үнемі жаңартылып отырады, жақын арада оның Youtube-тегі арнайы арнамен бірігуі жүзеге асады.

Ал Мемлекеттік БАҚ порталы күн сайын Қазақстанның барлық өңірінен ресми ақпараттарды, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың жаңалықтарын жариялайды. Осы БАҚ арқылы оқырмандар мен журналистер бастапқы дереккөздерден ақпарат алып, пайдалана алады.


Соңғы жаңалықтар