Қазақстанда мемлекеттік органдардың сервистеріне жасалатын шабуыл 3,5 есе артқан

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда мемлекеттік органдардың сервистеріне интернет шабуыл 3,5 есе артқан. Бұл туралы Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы Консультациялық үйлестіру кеңесінің бесінші мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-ға сілтеме жасап.

Мәжіліс шеңберінде кеңес мүшелеріне қпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы жүргізген мониторинг кезінде айқындалған ақпараттық қауіпсіздік қатерлері мен инциденттерінің нәтижесі ұсынылды.

Ұлттық үйлестіру орталығы жүргізген талдау негізінде COVID-19 пандемиясы кезеңінде азаматтардың дербес деректерін жинау мақсатында құрылған, мемлекеттік органдардың түрлі сервисіне ұқсайтын алаяқтық және фишинг ресурстар саны артқаны байқалғаны. Сол себепті кеңеске қатысушыларға ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органды сатып алынатын жаңа мемлекеттік сервистер туралы хабардар етуді бақылауға алу ұсынылды.

«Зиянкестер 2020 жылы шабуылдардың мынадай бағыттары белсенді – зиянды БҚ тарату, фишинг шабуыл, DdoS шабуыл. АҚ инциденттеріне дер кезінде әрекет ету нәтижесінде «Ботнет» түріндегі инциденттер саны 59,7%-ға азайғанын атап көрсету қажет. 2019 жылмен салыстырғанда, ИҚБШ (Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі) жабдығы мемлекеттік органдарға бағытталған шабуылдардың 3,5 есе артқанын тіркеп, оларға тойтарыс берді. Шабылдар саны 2019 жылы 154 млн-нан астам болса, 2020 жылы 593 млн-нан астам шабуыл тіркелді», делінген хабарламада.

«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріне ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақ жүргізу бойынша қызмет көрсету шеңберінде компания мен өтініш берушілердің өзара іс-қимыл тиімділігін жоғарылату, сондай-ақ сынақтар жүргізу рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету және қағаз құжат айналымы көлемін азайту мақсатында Synaq интернет – порталын құру арқылы «МТҚ» АҚ-ның сынақтар жүргізу бойынша қызметтер көрсету механизмін автоматтандыру туралы ақпарат жарияланды.

27 ұйым мен мемлекеттік органың 48 Консультациялық үйлестіру кеңесіне қатысушы аталмыш жиынға қатысты. Олар ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру мен осы сала қатерлеріне бірлесіп әрекет ету механизмін қалыптастыруға қатысты мәселелерді белсенді талқылады.


Соңғы жаңалықтар