Қазақстанда мемлекеттің кәсіпкерлікке қатысуы қысқарады – Серік Жұманғарин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасы Серік Жұманғарин мемлекеттік және жеке операторлардың қызметін реттеу туралы Президент тапсырмасы қалай орындалғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз 51 монополиялық операторды анықтадық, оның ішінде 47-сінде мемлекеттің қатысы бар. Біз не ұсындық? Оның 24-і бойынша арнайы құқық институты енгізіледі – олар қатаң реттеуге, бағалық, өзге қызметті шектеуге, бизнес құру кезінде залал келтірген жағдайда шығындардың орнын толтыруға жатады. 18 реттеу бойынша операторлар қоғамдық қызметтерді жүзеге асырады және табыс таппағандықтан олар бұл тізімге кірмейді. Қалған 9-ы бойынша түбегейлі шаралар қабылданады: төртеуі жойылады немесе жекешелендіріледі, бесеуі операторлықтан айырылады», - деді Серік Жұманғарин Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, кәсіпкерлікке мемлекеттің қатысуын қысқарту – маңызды міндет болып отыр.

«Мемлекеттің экономикаға қатысуы бүгінгі күні 14,8%-ды, екі мыңнан астам квазимемлекеттік сектор субъектілерін құрайды. Біз мемлекеттік меншікті секторлық талдауды ұсындық. Яғни, қызмет түрлеріне қарамастан, егер сектор шағын және орта бизнес субъектілерінің санын, мемлекеттік қолдау деңгейін ескере отырып жетілсе, оны толық жекешелендіру қажет. Мысал ретінде стоматология, қауіпсіздік, көлік қызметтері, абаттандыру кәсіпорындары жатады. Әрине, Қазақстанның өңірлерін ескеру қажет. Маңызды аспект - мемлекеттік тапсырыс санын қысқарту. Біз келесі жылы оны 27-ге, ал жалпы 2025 жылға қарай шамамен 2 есе қысқартуды жоспарлап отырмыз. Экономикалық тиімділік 30 миллиард теңгеден асады», - деп түсіндірді агенттік төрағасы.


Соңғы жаңалықтар