Қазақстанда мобильді аударымдарды 2 түрге бөлу мәселесі қарастырылуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда мобильді аударымдарды жеке және кәсіпкерлік мақсаттарға бөлу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аударымдардың коммерциялық мақсаттарда кеңінен таралуына байланысты министрлік Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен және екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп қолданыстағы тетікті сақтай отырып, мобильдік аударымдарды жеке және кәсіпкерлік мақсаттарға бөлу жөніндегі функционалды заңнамалық реттеу және іске асыру мәселелерін пысықтауда»,- делінген министрдің жауабында.

Министрдің берген жауабына сәйкес, бүгінгі таңда бірқатар ұсыныстар мен заңнамалық бастамалар анықталды.

Атап айтқанда, кәсіпкерлік қызметке арналған жеке шотты пайдалану; олар бойынша мәліметтерді Мемлекеттік кірістер органдарына беру (Қазақстан Республикасы Салық кодексінің POS-терминалдар бойынша мәліметтерді беру 2 жөніндегі қолданыстағы нормасына ұқсас); «мобильді төлемдер» ұғымының анықтамасы»; кәсіпкерлік қызметке арналмаған шоттарды пайдалана отырып, ең жоғары ықтималдықпен табыс алу белгілерін анықтайтын тәуекелдерді басқару жүйесін әзірлеу бастамасы бар.

«Жоғарыда көрсетілген бастамалар салықтың жаңа түрі болып табылмайды және салық есептіліктерінде және салықтарды төлеуде мәліметтердің дұрыс және толық көрсетілуіне бағытталған. Бұл ретте, болжанып отырған шаралар жеке тұлғалардың жеке мақсаттардағы аударымдарына әсер етпейтінін атап өтеміз», - деп жауап берді Ерұлан Жамаубаев.


Соңғы жаңалықтар